Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

Жарияланған күні:

Баспана
Баспана. Көрнекі фото: Pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов сенат кулуарында "9-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасының шамамен қашан басталатынын және бағдарлама бойынша қанша қазақстандықтың ипотека ала алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Әлихан Смайылов "7-20-25" бағдарламасын халық қолдайтынын, бірақ оны жүзеге асыру үшін қаржы қажет екенін атап өтті.

"Ұлттық банк шектеу қойды. Ал бұл шектеу халықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткіліксіз. Енді үкімет шеңберінде "Отбасы банк" және "Бәйтерек" қосымша тағы бір бағдарламаны әзірлеп жатыр. Ол - "9-20-25" бағдарламасы, 9 пайызбен 25 жылға берілетін ипотекалық несие. 9 деген қазіргі жағдайда өте төмен пайыздық ставка", - деді үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, бағдарламаны іске асыру үшін есептеу жүргізіліп жатыр.

"Жыл сайын 150 млрд теңге керек. 8 мың отбасы немесе адам ипотека алуына мүмкіндік алады. 100 миллиардты нарықтан тартуымыз керек. Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 млрд теңгені бөлу керек. Бағдарлама негізінен жастарға арналады. Бізге кем дегенде 1 ай керек. Келесі жылы бағдарлама болады", - деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047308-smaiylov-9-20-25-turgyn-ui-bagdarlamasy-qasan-iske-qosylatynyn-aitty/