Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқа толықтай дайынбыз: Алматы қаласын қардан тазалау үшін қар балқыту пункті іске қосылмақ

Опубликовано:

Алматыдағы тазалық жұмысы
Алматыдағы тазалық жұмысы. Фото: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында қысқы кезеңде жұмыс істеу үшін 818 техника дайын. Одан бөлек қала көшелерін қардан тазарту мақсатында қар балқыту пунктін салу жоспарланып отыр. Ал жалпы мегаполистегі тазалықты қамтамасыз етуге 101 бірлік арнайы техника сатып алынған. Бұл туралы бүгін Ұлттық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басқарма басшысы брифингте журналистерге биыл басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар барысы туралы баяндады. Оның ішінде өзекті болып отырған тұрғындарды баспанамен қамту, көріктендіру, қала ғимараттары мен тұрғын үйлер базасындағы лифтілердің жағдайы, қала аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі газ жабдығының газ тұтыну жүйелеріне жасалған тексерістердің қорытындысы туралы айтты.

Данияр Қырықбаевтың айтуынша, биыл Алматы қаласында еліміздегі алғашқы қар балқыту пункті салынбақ. Осы арқылы қыста қалаға жауатын қарды қала сыртына тасуға қатысты проблемаларды шешу көзделіп отыр. Одан бөлек қосымша техника сатып алынып, көктайғақты болдырмау мақсатында жүзеге асатын технологияларға да жаңалықтар енгізілген.

"2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде жұмыс істеу үшін 818 техника дайындалды. Техниканың барлығы жаздықтан қыстыққа ауыстырылды. Бұрын біз жолдарға сумен араластырып тұз себетін едік, енді сұйық реагент себеміз. Ол қыс басталар алдында себіледі. Ал қысқа дайындығымыз жүз пайыз. Техника дайын, тұзымыз, құмымыз дайын. Базаны өзіміз тексеріп шықтық. Коммуналдық қызметтердің құралдары барлығы тексеруден өтті. Сегіз ауданның әкімі қыстық қарды төгетін жерді белгіледі. Біз биыл Қазақстан бойынша алғашқы тәжірибе – Әуезов аудандық учаскесінің құм базасының аумағында, өнімділігі тәулігіне 1 200 м3 қар балқыту пунктін салу жоспарлануда. Қазір білесіздер Алматы аумағында қар төгетін жер жоқ. Барлығы қаланың сыртқы аудандары – Жетісу мен Түрксіб аудандарына КамАЗ-бен шығарылып, апарып, алып келу көп шығынды, уақытты талап етеді. Сол үшін бұл осыны енгізбекпіз", - деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлының айтуынша, мұндай жаңа технологиялар Ресейдің Мәскеу, Қазан, Уфа секілді ірі қалаларында қолданылады. Әсіресе, Алматы қаласы үшін оның маңызы зор, деп атап өтті ол.

Сонымен бірге жиында биыл "Алматы тазалық" кәсіпорны үшін 101 бірлік арнайы техника сатып алынғаны айтылды.

"Қаланы дамытуың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру және 2030 жылға дейінгі "ауа сапасын жақсарту", "қолайлы қоршаған орта" бойынша Жол картасын орындау үшін, 18 көпфункционалды электр тартқышы бар тротуар-жинау машиналары сатып алынды. Бұдан басқа, "Алматы тазалық" қаражаты есебінен жол жұмысшыларын тасымалдауға арналған 3 автобус және канал жуу жабдығы бар аралас машина сатып алынды. Қала аумағын дератизациялау бойынша екінші күзгі кезеңнің жұмыстары аяқталды", - деді ол.

Биылғы жылдың өткен кезеңінде 2 427 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кемінде 5 787 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Одан бөлек, басқарма ТЖД және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 36 сауда базары, 56 Сауда орталығы, 424 қоғамдық тамақтандыру объектілері тексерілді, оның ішінде 165 нысанға ұйғарым берілген.

Тағы бір айта кетерлігі, Алматы қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформасын іске асырылуда. Бұл арнайы жол картасы бекітілген.

"Осы реформа басталғаннан бері шамамен 8 200 көпқабатты тұрғын үй қамтитын 5 500 жиналыс өткізілді. Басқарма барлық мүдделі арнаулы қызметтердің қатысуымен бірнеше рет "Ашық есік күні" іс-шарасына қосылды, атап айтқанда 600-ге жуық басқару органдарына кеңес берілді. Бүгінгі таңда 1 441 пәтер иелерінің бірлестігі тіркелді және 4 672 қарапайым серіктестік таңдалды, барлығы 6 113 жаңа басқару нысаны 6 600 көпқабатты тұрғын үй қамтылды, немесе қала бойнша 93 пайыз көпқабатты тұрғын үйлер қамтылған", - дейді Қырықбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047538-qysqa-tolyqtai-daiynbyz-almaty-qalasyn-qardan-tazalau-usin-qar-balqytu-punkti-iske-qosylmaq/

pixel