Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарлы боран, көктайғақ, тұман": Астанада және еліміздің 12 облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар жауып тұр
Қар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенбі, 25 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланды. Кей өңірлерде қарлы боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

"Қазгидромет" РМК мамандарының болжамынша, Қазақстанның астанасы мен 12 облыста дауылдық ескерту жарияланды.

Осылайша, 25 қарашада Ұлытау өңірінде тұман түсіп, жел екпіні екпіні 18 м/с-ке дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қарлы боран, облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с-ке жететін желдің күшеюі күтіледі. Синоптиктер Орал тұрғындарына көктайғақ туралы ескертеді.

Қостанай облысының батысында және солтүстік-батысында көктайғақ, бұрқасын, облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсу ықтимал. Қостанайда бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда.

Синоптиктер Маңғыстау облысының тұрғындарына жел жылдамдығы 23 м/с болатынын ескертеді.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, екпіні 15-20 м/с болатын желдің күшеюі күтіледі. Ақтөбе қаласында 25 қарашада көктайғақ, түнде бұрқасын болуы мүмкін.

Қызылорда облысында тұман түсуіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ облыс орталығы – Петропавлда көктайғақ, қарлы боран соғуы ықтимал.

Елордада 25 қарашада түнде және таңертең тұман, бұрқасын күтіледі. Елорда жолдарында көктайғақ болып, жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ және 25 м/с жылдамдықпен дауыл соғады. Мамандар ертең Көкшетау жолдарында көктайғақ болатынын ескертті.

Жамбыл облысында тұман түсіп, екпіні 23-28 м/с болатын желдің күшеюіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысында сенбіде қатты жауын-шашын, негізінен қар жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ, тұман, көктайғақ күтіледі. Облыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамынша, Павлодар облысы мен Абай облысында қар жауып, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 23-28 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047563-qarly-boran-koktaigaq-tuman-astanada-zane-elimizdin-12-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel