jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте сәбиді терезеден лақтырып жіберген туысы жазадан құтылып кетуі мүмкін

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Кеше Шымкентте терезеден туысы лақтырған сәби ауруханада көз жұмды. Нәрестені терезеден лақтырды деген күдікке ілінген ер адам жазадан құтылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды KTK арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, ер адамның психоневрология ауытқуы бар.

Оқиға уақытында үйде ер адамнан бөлек сәбидің анасы мен жеңгесі болған.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, анасы мен жеңгесі баланы терезеден тастағанын байқап қалып, сыртқа жүгіріп шыққан.

Нәресте балалар ауруханасына жеткізілгенімен, кеше шетінеп кетті.

Ал оның 40 жастағы туысы қамауға алынды.

Айта кетейік, осыған дейін полиция баланы психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден лақтырғанын мәлім етті. Зардап шеккен сәби 2021 жылы туған.

Шымкентте сәбиді терезеден лақтырып жіберген туысы жазадан құтылып кетуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.