Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте туысы терезеден лақтырып жіберген 2 жасар сәби шетінеді

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Күні кеше Шымкентте көппәтерлі үйдің төртінші қабатынан құлаған сәби ауруханаға жеткізіліп, оны лақтырып жіберді деген күдікпен туысы ұсталған болатын. Нәресте ауруханада шетінеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықбаева Facebook парақшасында мәлім етті.

Жазықбаеваның мәліметінше, сәби 23 қарашада өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

"Бүгін 18:39-да аурухананың бас дәрігері баланың қайтыс болғанын хабарлады. Өкінішке орай, жүрегі тоқтап, реанимация шаралары нәтиже бермеді. Ата-анасы шақырылды", - деп жазды Жазықбаева.

Айта кетейік, осыған дейін полиция баланы психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден лақтырғанын мәлім етті. Зардап шеккен сәби 2021 жылы туған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047573-symkentte-tuysy-terezeden-laqtyryp-zibergen-2-zasar-sabi-setinedi/

pixel