Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мектеп оқушысының телефонын тартып алған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Смартфон
Ұялы телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада тұрғын қызының ұялы телефонын белгісіз біреудің тартып алғанын хабарлады. Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі 21 жастағы ер адамның ұсталғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, "Алматы" ауданындағы полиция бөлімшесіне қала тұрғыны арызданып, оның кәмелетке толмаған қызының қолынан белгісіз біреу ұялы телефонын тартып алып кеткен мәлім еткен.

Жәбірленушінің айтуынша Redmi Note-8 ұялы телефонының құны 90 мың теңгені құрайды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 21 жасар қала тұрғынын қолға түсірді. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша қылмыстық кодексінің 191 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті ата-аналардан кәмелет жасқа толмаған балалардың жүрген жерлерін үнемі қадағалап отыруға, қандай да бір құқыққа қарсы іс-әрекет орын алған жағдайда дереу 102 арнасына хабарласуларын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047586-astanada-mektep-oqusysynyn-telefonyn-tartyp-algan-er-adam-ustaldy/

pixel