Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында кәсіпорындарға мамандар даярланып жатыр

Опубликовано:

Кәсіпорындар үшін мамандар даярлау
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылынан бері алға рет әлеуметтік серіктес кәсіпорындарға арнайы мамандарды даярлау жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы бағдарламаға өңірдің 20-дан аса колледжі қатысып жатыр. Олардың қатарында Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі, Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, Экология және туризм жоғары колледжі, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі және басқалары бар.

Нысаналы мемлекеттік тапсырыс талаптары – бұл колледж-студент-кәсіпорын үшжақты шартының міндетті түрде болуы; кәсіпорындарда еңбек нарығындағы қызмет бейіні бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; кәсіпорындарда дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті базаның болуы.

Басқарма өкілдерінің хабарына қарағанда, кадрларды арнаулы даярлаудың негізгі қағидаты – студенттің шарт жасалған кәсіпорында міндетті түрде тағылымдамадан өтуі және оқуды аяқтағаннан кейін оқушының жұмысқа кепілді түрде орналасуы.

2022 жылы колледждер 886 студентке арналған мақсатты қабылдау бойынша 120-дан астам кәсіпорынмен келісімшарттар жасаған.

"Колледж "Көкшетау жылумен" 40 орынға шарт жасасты, оның ішінде 25 орын "Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері" мамандығы, "техник-жылу технигі" біліктілігі бойынша және 15 орын "ТКШ нысандарының инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану", "инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану жөніндегі техник маман" біліктілігі бойынша бар.

Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұраныстарына сай мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Яғни кәсіпорын белгілі бір кадрларға өтініш жасай отырып, өз өндірісіне дайындалған мамандарды ала алады. Мұндай бағдарламалар студентке ертеңгі күнге сенімді болуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің директоры Ақнұр Еслямова.

Мұндай ынтымақтастық студенттерге ғана емес, мұғалімдерге де пайдалы. Келісім жасалғаннан кейін олар серіктес кәсіпорын негізінде тағылымдамадан өте алады. Оқыту қорытындысы бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.

Биылғы оқу жылында техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы бейіндерінің әр түрлі мамандықтары мен біліктіліктері бойынша кәсіпорындарға мамандарды нысаналы даярлау аясында 667 студент қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047730-aqmola-oblysynda-kasiporyndarga-mamandar-dayarlanyp-zatyr/

pixel