jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатқан көпқабатты үй
Күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатқан көпқабатты үй. Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Бүгінде Ғ.Иляев көшесіндегі № 113/5 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі жауаптылармен бірге нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады. Бұл туралы Шымкент әкімдігі хабарлады.

Күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айында тұрғындар келісімімен қайтарымды қаржы негізінде басталған болатын. Қазіргі таңда үйдің қасбетін толығымен жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Өндірістік кестеге сәйкес қараша айының соңында жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Үйдің күрделі жөндеу жұмысы
Үйдің күрделі жөндеу жұмысы. Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қала әкімі тұрғын үй, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының басшыларына үйдің сыртқы келбетін жөндеу барысындағы кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ балалар және спорт алаңшаларын салуға жер телімдерін қарастырып, ирригациялық жүйелерді орнатуды жүктеді.

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.