Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірқатар өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Тұмандағы адам
Тұмандағы адам. Көрнекі сурет. Фото: Faisal Khan/Getty Images

"Қазгидромет" мамандары сейсенбіге арналған болжамын айтып, Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

28 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 28 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстаң жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады деп болжанды.

Күндіз 29, түнде және таңертең 30 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-30 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 30 қарашада облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-30 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 29 қарашада күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 30 қарашада тұман күтіледі. 29 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Сейсенбіде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі.

28 қарашада Қостанай облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында 28 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

28 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Осы күні түнде Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 28 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с күтіледі.

Сейсенбіде Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында 28 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Тұман кезінде жүргізушілерге мынадай кеңестер ұсынылады:

  • қозғалыс жылдамдығын азайтыңыз, ол көру қашықтығының жартысынан аспауы керек. Мысалы, 20 м көрінгенсе, жылдамдық 10 км/сағ-тан аспауы керек;
  • жолдың көріну шегінде тоқтауға дайын болу керек;
  • жолды жақсы жарықтандыратын жақын режимдегі жарықпен жүру керек, шыны тазалағыштарды қосу;
  • жылдамдықты спидометрмен ара-тұра тексеріп отыру; дыбыстық сигналды, әсіресе қала маңындағы жолда қолданыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2047872-birqatar-onirde-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-eskertu-zariyalandy/

pixel