Алматы облысында Есік көліне баратын жолдар жабылады
Жарияланған күні:
Алматы облысында Есік көліне баратын бірқатар жол 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Есік көліне кіреберіс – "Алматы-Талғар-Евгеньевка", "Талғар-Спутник", "Түрген-Обсерватория" дейінгі жолдар 2023 жылдың 28 қарашасынан 2024 жылдың 31 наурызына дейін жабылатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Есік көлі Алматы облысында, Іле Алатауының Есік шатқалында, Алматыдан 70 км жерде орналасқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048276-almaty-oblysynda-esik-koline-baratyn-zoldar-zabylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.