jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Теміртау тұрғынынан ұрланған көлік жарты жылдан кейін басқа қаладан табылды

Көлік
Көлік көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысында полицейлер жергілікті тұрғында жарты жыл бұрын ұрланған көлігін қайтарды. Көлік Ұлытау облысында табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ хабарына қарағанда, мамырдың аяғында Теміртау қалалық ПБ Старогородская полиция бөліміне 40 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Айтуынша, үйіне кешкі уақытта оралған ол көлігін көппәтерлі үйдің ауласына қойған.

Ал таңғы уақытта көлігі орнында жоқ екенін аңғарған. Шығын - 3 млн теңге.

Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 188-бап ("Ұрлық") бойынша тіркеген. Ал жарты жылдан кейін тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Ол Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шыққан.

"Күдікті Теміртауда қымбат жеңіл көлікті байқап, оны ұрлап әкетуге бел буғанын айтты, қылмысын мойындады", - деді ведомстводағылар.

Қазіргі таңда көлік иесіне қайтарылған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Теміртау тұрғынынан ұрланған көлік жарты жылдан кейін басқа қаладан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.