jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қатты жел, қар аралас жаңбыр, тұман": қыстың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қар
Көшеде қар жауып тұр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 2-4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы күндері атлантикалық циклонның атмосфералық фронтальды бөліктерінің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сипоптиктер 3 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, 3-4 желтоқсанда шығыс өңірлерде, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын шашын болады деп болжады.

Одан бөлек, республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен бұрқасын болады деп күтілуде.

Республика бойынша тұман, екпіні 15-29 м/с-ке дейін жететін жел соғуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда жел екпіні 30 м/с, тіпті одан да асуы мүмкін.

4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклон әсер етіп күн суытады, сондықтан Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендейді.

Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі уақытта -7...-21 градус аяз болса, ал республиканың орталығы мен шығысында күн -5...-15 градусқа дейін суытады.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 0...-5 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.

"Қатты жел, қар аралас жаңбыр, тұман": қыстың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.