Алматыда құтқарушылар тұрғындар мен қала қонақтарына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Алматы облысы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін деген қауіппен тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.
ТЖД мәліметінше, Алматы облысының тауларында 5-8 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады.
"ТЖД қар көшкіні қаупі болғандықтан азаматтардан, туристерден және демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Ведомство ақпараты бойынша Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарындағы 55 учаскеде көшкін қаупі бар.
Айта кетейік, негізінен температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2048986-almatyda-qutqarusylar-qar-koskinine-bailanysty-turgyndar-men-qala-qonaqtaryna-undeu-zasady/