Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кей қалаларда бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Опубликовано:

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсенбі, 5 желтоқсанда Астана және Қостанайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын барлық сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Астана қаласы Білім басқармасы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлағандай, 5 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары, колледжердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

City Transportation Systems компаниясы Instagram желісіндегі парақшасында астаналықтарға көктайғақ салдарынан қоғамдық көліктердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.

"CTS жол қозғалысына барлық қатысушыны жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Сондай-ақ қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз", - дейді компания өкілдері.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, қостанайлық оқушылар да 5 желтоқсанда қашықтан оқиды.

"Қостанай облысында жауын-шашын мен көктайғақ салдарынан кәмелетке толмаған балалар жарақат алмас үшін 5 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттері онлайн оқуға ауыстырылады", - деп хабардар етті білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049117-kei-qalalarda-birinsi-auysymnyn-oqusylary-qasyqtan-oqytuga-auystyryldy/

pixel