Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы хостелде көз жұмған студенттің әкесі: Бұл – біздің бәріне немқұрайлы қарайтынымыздың көрсеткіші

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сергей Плужник
Сергей Плужник. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Сенбі, 2 желтоқсанда Алматыдағы хостелде көз жұмған ақтаулық жігіт жер қойнына тапсырылды. Қайғылы оқиға болған күні Никита үйіне оралуы керек еді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Туыстары Никита өткен бейсенбіде кешкісін Ақтауға ұшып келуі керек болғанын айтады. Емтихандар басталар алдында ол бірнеше күнге келіп кетпек болған. Алайда 30 қарашада таңертең қайғылы жайт орын алған.

"Бұл – біздің ұқыпсыздығымыздың, бейқамдығымыздың, бәріне немқұрайлы қарайтынымыздың көрсеткіші. Ертеңгі күні осындай қайғылы оқиға кез келген адамның, әрқайсымыздың басымызда болуы мүмкін. Өйткені ешкім шара қолданбаса, мұндай жағдайлар қайталана береді.

Мүмкін біздің мұңымыз, болып жатқан қайғылы жағдайлар қоғамның немқұрайлығының белгісі болар... Әлі қанша бала көз жұмуы керек? Қанша ата-ана қайғы жамылуы керек?", - дейді Никитаның әкесі Сергей Плужник.

Никита IT маманы болуды армандаған. Ол Алматы университеттерінің бірінде үшінші курста күндізгі бөлімде, бірақ қашықтан оқыған. Сондықтан оның жатақханадан орын алуға құқы болмаған.

Ата-анасының айтуынша, ұлының хостелде тұратынын білген. Бірақ олар бөлме жертөледе орналасқан деп ойламаған. Бұрын Никита достарымен пәтер жалдап тұрған екен. Алайда жігіттер баспана ақысын төлей алмаған соң, бәрі жан-жаққа кеткен.

Никита отбасындағы жалғыз бала болған.

Дереккөз: КТК арнасы

Алматыдағы хостелде болған өрт

30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

1 желтоқсанда Бас прокуратура хостелді жалға беруші ұсталғаны хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049121-almatydagy-xostelde-koz-zumgan-19-zastagy-studenttin-akesi-bul-bizdin-barine-nemquraily-qaraitynymyzdyn-korsetkisi/