Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бір түнде 60-тан астам жол-көлік оқиғасы болды

Опубликовано:

Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет
Жолда келе жатқан көлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сейсенбі, 5 желтоқсанға қараған түні Астанада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осыған байланысты полицейлер азаматтарға тағы да үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында таратқан мәліметке сүйенсек, 4 желтоқсан сағат 20:00-ден 5 желтоқсан сағат 07:00-ге дейін елордада 63 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды, қашықтықты сақтауды сұраймыз.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де аса сақ болуы керек", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты астаналық полицейлер бұған дейін де тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049139-astanada-bir-tunde-60-tan-astam-zol-kolik-oqigasy-boldy/

pixel