Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-аналар мен мұғалімдердің өтініші": министр ел мектептерінде смартфонға тыйым салу туралы айтты

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған адам
Телефон ұстап отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп қабырғасында сабақ кезінде оқушылардың смартфон пайдалануын шектеу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғани Бейсембаев мектеп ең алдымен сапалы білім беруі керегін атап өтті.

"Сабақ кезінде ол (бала – ред.ескертпесі) материалды жан-жақты түсініп, білімін жетілдіруі керек. Әрине, бүгінде балаларымыз смартфонға әуес екені белгілі. Бұл шешім ата-аналар мен ұстаздар тарапынан келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдарға сүйеніп, қабылданды.

Қайталап айтамын, бұл заң жобасында оқушылар сабақ кезінде мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон қолдануға тыйым салу көзделген. Бірақ сабақ аяқталғаннан кейін сабақтан тыс уақытта оқушы ұялы телефон арқылы ата-анасымен байланысып, өз жағдайын айта алады, құқығы шектелмеген. Бұл шектеу тек сабақ өту барысына қатысты", – деді министр.

Оның айтуынша, әзірше мектеп оқушылары сабақ кезінде телефонды тапсырып қоятын арнайы орын қарастырылмаған.

"Мәжіліс бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оны ұйымдастыру мәселесі заң толық қабылданғанға дейін шешіледі. Бұл ретте түрлі әдіс қарастырылған. Ең бастысы, бұл шешімнің қабылдану себебі – сабақ үстінде оқушының көңілі артық дүниеге ауып кетпеуін қамтамасыз ету", – дейді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары қарап жатқан заң жобасында мектеп оқушыларына сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салу ұсынылғанын жазған едік.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, балалар мектепке телефон алып келіп, үзіліс кезінде пайдалана алады. Шектеулер тек сабақ кезінде қолданылады. Сабақ кезінде гаджеттерді тек білім беру мақсатында пайдалануға рұқсат етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049215-ata-analar-men-mugalimderdin-otinisi-ministr-el-mektepterinde-smartfonga-tyiym-salu-turaly-aitty/

pixel