Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жастарға жалға берілетін пәтерге өтінім қабылдау қашан басталады

Опубликовано:

Пәтер
Пәтер. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 35 жасқа дейінгі жастардан "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Өтініштерді қабылдау мерзімі 11-15 желтоқсан аралығы. Бұл туралы Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының ресми сайты хабарлады.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы "Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы аясында Алматы қаласының жұмыс істейтін, 35 жасқа дейінгі жастарынан өтініштер мен құжаттарды қабылдайтын болады.

Өтініш пен құжаттар kezekte.kz сайты арқылы қабылданады.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, тұрғын үй сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге Наурызбай ауданынан жалға беріледі. Биыл мұнда 2 100 пәтер қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049255-almatyda-zastarga-zalga-beriletin-paterge-otinim-qabyldau-qasan-bastalady/

pixel