Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"400 мың теңге талап еткен": Ақтөбе облысында білім бөлімінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысында білім бөлімінің басшысы ауыл тұрғынын мектепке мұғалім ретінде жұмысқа алу үшін 400 мың теңге сұраған. Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Айбек Алданов пара алу бабымен жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотының үкімімен білім бөлімінің экс-басшысы Айбек Алданов өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы істе қасында болған танысына 1 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Экс-шенді кінәсін мойындады.

Іс материалдарына сүйенсек, 2023 жылғы қыркүйекте сотталушы М.-ға туысы келіп, өзінің әйелін ауылдық орта мектебіне жұмысқа орналастыруға көмек сұрайды. Ол "Ырғыз ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысынан аталған әйелді мектепке жұмысқа қабылдауға өтініш білдірген. Білім бөлімінің басшысы өз қызметін пайдаланып, мектеп директорына мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы тапсырма беріп, аталған әрекет үшін пара ретінде 400 000 теңге талап еткен. Шендінің танысы парақорлыққа делдал болуға келісіп, аталған қаражатты қолма-қол түрде берген.

Айта кетейік, Ырғыз аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сотта тағы бір іс қаралып жатыр. Ол істе пара беру бойынша айып тағылып отыр.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049271-400-myn-tenge-talap-etken-aqtobede-oblysynda-bilim-boliminin-bassysy-3-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/