jitsu gif

Қазақстан жаратылыстану мен математика пәні бойынша 50 озық елдің қатарына кірді

Оқушылар сабақ жазып отыр
Оқушылар. Көрнекі фото: Pexels.com

Қазақстан жаратылыстану мен математика пәні бойынша 50 озық елдің қатарына енді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгін PISA рейтингінің тағы бір қорытындысы жарияланғанын мәлімдеді.

"Бұл білім сапасын бағалайтын маңызды халықаралық жүйе. Еліміз математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің ішіне кірді. Жаратылыстану пәнінен көрсеткіштер 26 балға артып, математика мен оқу сауаттылығы бойынша өткен нәтижелер сақталған. Бұл жерде мектептеріміздің рөлін ерекше атап өткен жөн", – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда қала мен ауылдық жерлерде тұратын оқушылар арасындағы білім сапасының көрсеткіштеріндегі айырмашылық азайып келе жатыр. Жалпы, 81 елдің ішінде Қазақстан математикадан 46-орынды (2018 жылы 54), оқудан – 61-орынды (2018 жылы 69), жаратылыстану пәнінен – 49-орынды (2018 жылы 69) иеленген.

Еске салайық, бүгін, желтоқсанның 5-і оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкіметте өткен брифингте мектеп қабырғасында сабақ кезінде оқушылардың смартфон пайдалануын шектеу жоспарына қатысты пікір білдіргенін жазған едік.

Қазақстан жаратылыстану мен математика пәні бойынша 50 озық елдің қатарына кірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.