jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді

Байқоңыр
Байқоңыр қаласы. Видеодан кадр: qyzylordatv.kz

Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Осылайша, қонақ үй жолы Әлия Молдағұлова атындағы көшеге, Авиационная көшесінің Гвардейскаядан Қалмырза Жарманов көшесіне дейінгі бір бөлігі Бауыржан Момышұлы атындағы көше болып өзгертілді, қаланың алтыншы шағын ауданындағы орамішілік жол енді Мәншүк Мәметова көшесі деп аталады", - дейді қала әкімдігінің өкілдері.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, жалпы Байқоңырда көшелердің аты сирек өзгертіледі. Бірақ соңғы жылдары мұнда Абай даңғылы пайда болған. Сондай-ақ қалада Қорқыттың атымен аталатын көшеде бар.

Ал қалада Қалмырза Жарманов атындағы көше осыдан төрт жыл бұрын пайда болған. Қалмырза Жармановты Байқоңыр тұрғындары Ұлы Отан соғысының ардагері, қаланың құрметті азаматы ретінде таниды.

Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.