jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қызылшамен ауырғандар саны 20 мыңнан асты: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Қызылша
Қызылша. Көрнекі фото: StockPlanets / Getty Images

ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының" басшысы Манар Смағұл қызылша ауруына қатысты елдегі қазіргі ахуалды айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Манар Смағұл елімізде қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін атап өтті.

"Жыл басынан бері республикада 20 188 жағдай тіркелді. Қызылшамен ауырғандардың 81 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Қызылшамен ауырғандар еліміздің барлық өңірінде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Шымкент пен Алматы қалаларында және Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелді", - деді ол.

Осыған байланысты Манар Смағұл ата-аналарды балаларына қызылшаға қарсы екпе салдыруға шақырды.

"Қызылшаға қатысты жағдайдың мәз еместігін ескере отырып, ата-аналарды балаларына екпе салдыруға шақырамын. Өйткені аурудың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы вакцинация, сондықтан осыған назар аударуды сұраймыз", - деді ол.

Еске салайық, 28 қарашада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жыл басынан бері республика бойынша қызылшамен ауырғандар саны 17 мыңға жеткенін, 30 бала жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ елорданың денсаулық сақтау басқармасы қызылшаға байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Қызылшамен ауырғандар саны 20 мыңнан асты: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.