Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектептерде сабақ тоқтатылды

Опубликовано:

Балаларды жетектеп бара жатқан әйел
Балаларды жетектеп бара жатқан әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектептерде сабақ тоқтатылды – балалар қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралин Instagram парақшасында мектепалды даярлық топтарындағы, сондай-ақ бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары бүгін онлайн оқитынын хабарлады.

Оның айтуынша, қалада ауа температурасы -20 градусқа жетіп, жел 14-20 м/с-қа дейін күшейген. Сондай-ақ қаланың ішіндегі жолдар көктайғақ.

Абай облысы әкімдігінің өкілдері де ведомствоның Telegram арнасында ауа райының қолайсыздығына (боран, көктайғақ) байланысты бүгін, 7 желтоқсанда Көкпекті және Бородулиха аудандарында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитынын ескертті.

Сонымен қатар жергілікті "Устинка" басылымы ШҚО-ның білім басқармасына сілтеме жасап, бүгін өңірдегі кей мектептердің оқушылары онлайн оқитынын жазды. Олар:

  • Күршім ауданы Төсқайың ауылындағы орта мектептің бірінші және екінші ауысымында оқитын барлық сынып оқушысы;
  • Самар ауданы Амангелді ауылындағы орта мектептің даярлық топтарындағы және 1-9 сынып оқушылары;
  • Күршім ауданы Барақ Батыр, Шағанатты ауылдарындағы орта мектептердің даярлық топтарындағы және 1-4-сынып оқушылары;
  • Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы орта мектептің оқушылары.

"Алау" басылымының ақпаратына сүйенсек, бүгін Қостанай мен Рудныйда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары да қашықтан оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049567-aua-raiyna-bailanysty-elimizdin-birnese-onirindegi-mektepterde-sabaq-toqtatyldy/

pixel