Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АМТ-ның жаңа инвесторы мен Қайрат Сатыбалдыұлы арасында байланыс бар ма: министр жауабы

Жарияланған күні:

Читать на русском
"АрселорМиттал Теміртау"
"АрселорМиттал Теміртау". Фото: arcelormittal.kz

Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қайрат Сатыбалдыұлы мен "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының жаңа инвесторы арасында байланыс бар-жоғы туралы сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Allur компаниялар тобы иелерінің бірі Қайрат Сатыбалдыұлы екенін айтты. Осыған қатысты журналистер АМТ-ның жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевтен оның сотталған Сатыбалдыұлымен байланысы бар-жоғын сұраған.

"Сіздің қазір айтып отырғаныңыз мен үшін тек спекуляция сияқты. Бұл мәміленің қалай құрылғанын тағы айтып өтейін, түсінікті болуы үшін: AMT жаңа инвесторы жеке арнайы компания құрды, оның ішінде Андрей Лаврентьев - жалғыз инвестор.

Бұл компания АХҚО-да облигациялар шығарып, жеке қаржыландыруды тартып, өз ақшасын инвестициялаған. Мұндай ауқымды мәміле үшін бұл өте анық жағдай", — деді Қанат Шарлапаев.

Оның сөзіне сенсек, кейін бұл кәсіпорын инвестициялық міндеттемелермен Қазақстан Республикасының меншігінен сатып алынған. Сонымен қатар компания қауіпсіздік бойынша талаптарды, әлеуметтік жағдайларды, ұжымдық шарттарды және AMT жеткізушілері мен тұтынушылары алдындағы міндеттемелерді сақтауға келісіп, өз мойнына жауапкершілік алған.

Сондай-ақ Шарлапаев үкімет АМТ-ны рейдерлік жолмен басып алды деген қауесетті жоққа шығарды.

"Бұл әңгімелер мүлдем шындыққа жанаспайды, мен ешқандай қауесетке пікір білдіре алмаймын.

АМТ Қазақстан Республикасымен толық ерікті келісімге отырған. Бұл ретте қандай да бір жағымсыз мәміле болды деп мәлімдеу дұрыс емес. Бізде күрделі коммерциялық келіссөздер болды. Иә, олар ұзақ уақытқа созылды. Біз бұл кәсіпорынды тиімді деп санаған бағаға сатып алдық", — деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкін тәркілей отырып, сонымен бірге мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, Ұлттық компанияларда және басқа да мекемелерде 10 жыл бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы 2022 жылдың наурыз айында ұсталған. Кәсіпкер лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру фактісі бойынша деген күдікке ілінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049906-amt-nyn-zana-investory-men-qairat-satybaldyuly-arasynda-bailanys-bar-ma-ministr-zauaby/