Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылу желілеріндегі апат: Ақтауда бірнеше балабақша уақытша жабылды

Опубликовано:

Балабақшаның іші
Балабақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтау балабақшалары жылу желілеріндегі апатқа байланысты жылусыз қалды - бүгін, 11 желтоқсанда бұл мекемелер жабық, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы өңірдің білім басқармасына сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың айтуынша, жылу трассасындағы апат салдарынан жылу өшкен мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Қалған балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді.

"Жоғарғы аймақтағы магистральдық жылу құбырының апатына байланысты қалада №26, 28, 31, 34, 35, 36, 46 балабақшаларда жылу жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты 11.12.2023 бұл балабақшалар жабық болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақтауда оқушылар дүйсенбіде аязға байланысты мектепке бармайды, балалар қашықтан оқуға жіберілген.

Еске салайық, бұған дейін Балқаш пен Ақтауда апат салдарынан халықтың бір бөлігі жылусыз қалғаны хабарланған, ал Атырауда сумен жабдықтау проблемалары байқалған.

Сонымен қатар Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалғаны анықталған. Оның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінің багерлік сорғысы су астында қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050148-zylu-zelilerindegi-apat-aqtauda-birnese-balabaqsa-uaqytsa-zabyldy/

pixel