Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда есірткі жасыру қылмысының жазасы қайта қаралуы мүмкін

Опубликовано:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ басшысы Ержан Сәденов бүгін мәжілісте өткен жиында Қазақстандағы есірткі сатушылар үшін жазаны либерализациялау жоспарын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ержан Сәденов Қылмыстық кодекске енгізу жоспарланған түзетулер туралы айтты.

"Қоғамда есірткі жасырушыларға жазаның шамадан тыс репрессивтілігі туралы мәселе талқыланып жатыр. Бұл іске жастар мен жасөспірімдердің белсенді қатысуына байланысты. Олар есірткі сатушылар қатарына құқықтық сауаттың төмендігі, жеңіл пайдаға деген қызығушылығы салдарынан түседі. Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған алты адам сотталды, тағы 26 жасөспірімнің ісі қаралып жатыр.

Мұнда да түзетулер енгізілді. Егер қылмыс алғаш рет жасалса, кінәлілер тергеумен белсенді ынтымақтасса, жазадан босату мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, есірткі зертханаларын ұйымдастыруға жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер әзірленген.

"Қазір есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар есірткіні сату мақсатында адамдар тобымен және аса ірі мөлшерде дайындағаны және өңдегені үшін 10 жылдан 15 жылға дейін сотталып жатыр. Ұсынылған түзетулерде осы әрекеттер Қылмыстық кодекстің 297-бабының 4-бөлігі бойынша сараланады, онда санкция 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды не өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді", - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Еске салайық, қарашаның басында журналистер ІІМ мәліметіне сүйене отырып, жыл басынан бері кәмелетке толмаған 30 бала ұсталып, олардың алтауы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқанын хабарлаған еді.

Сол кезде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов оларға қатысты тағайындалатын орташа жаза мерзімі 7,5 жыл екенін хабарлады.

"Олар Telegram-арналар арқылы жалданады, куратор олармен лақап атпен сөйлеседі. Осылайша жасөспірімдерді адастырады", - деп атап өтті полиция қызметкері.

Ал қазанның ортасында құқық қорғау органдары OLX сервисінде ІІМ бастамасы бойынша есірткі ұстаушыларды жалдау туралы үш мыңнан астам жасырын хабарландыру жойылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ бүгін Алматы облысында ІІМ өкілдері жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен екі ер адам ұсталғанын хабарлады. Олардың бірі шетелдік болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050211-qazaqstanda-esirtki-zasyru-qylmysynyn-zazasy-qaita-qaraluy-mumkin/

pixel