jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Көлік жүргізушілері Алматы - Қонаев ақылы учаскедегі жол қардан тазаланбағанына наразылық білдірді (видео)

Қар басқан тас жол
Қар басқан тас жол. Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__almaty and kris__p__kz

Бүгін, желтоқсанның 11-і желіде көлік жүргізушісі Алматы – Қонаев ақылы жолы (Алматы – Өскемен тас жолының бір бөлігі) қардан тазартылмағанын айтып, наразылығын білдіргені туралы видео пайда болды.

Қазақстандық көліктегі бейнебақылау камерасына түсірген видео kris__p__almaty Instagram парақшасында жарияланған. Видеодан жүргізуші көліктердің қар бораған жолмен жүруге мәжбүр екенін айтқанын естуге болады.

Автордың айтуынша, бұл жайт Алматы – Қонаев ақылы тас жолында байқалған.

Пікір білдірушілердің кейбірі бұл жолдар ақылы болғанына қарамастан, қардың тазаланбай жатқанына наразы болған.

"ҚазАвтоЖол" Telegram арнасы мәліметіне сүйенсек, желтоқсанның 11-і, дүйсенбіде сағат 18:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар жолдарда, оның ішінде Алматы-Өскемен тас жолында 527 бірлік техника пайдаланылғанын, 1273 адам әрі шамамен 626 м3 мұздан тазарту материалы жұмсалған.

Сондай-ақ бұл жолдың бір бөлігінде ауа райы нашарлауына байланысты жүк тасымалдауға шектеулер енгізілді.

Айта кетейік, бүгін ауа райы нашарлағаны салдарынан Қазақстанның 12 облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілген болатын.

"11 желтоқсанда 18:30 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа-райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, көрінудің шектеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді", делінген "ҚазАвтоЖол" Telegram арнасының хабарламасында.

Көлік жүргізушілері Алматы - Қонаев ақылы учаскедегі жол қардан тазаланбағанына наразылық білдірді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.