Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде сабақ онлайн форматта өтеді

Опубликовано:

Онлайн сабақ оқып отырған қыз
Онлайн сабақ. Көрнекі фото: pixabay.com

12 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына және қатты аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды.

Kazinform агенттігі тілшісінің елорданың білім басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, Астанада аяздың күшеюіне байланысты 12 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның сабағы онлайн форматқа ауыстырылғанын мәлімдеді. 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Қарағанды қаласының білім бөліміндегілер де 12 желтоқсанда қатты аязға байланысты бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады.

Көкшетауда да -36℃ аязға байланысты бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.

Сондай-ақ Ақтау қаласы және Маңғыстау облысындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері де қашықтан оқу форматына ауыстырылған. Синоптиктер бүгін бұл өңірде қатты жел соғып, көктайғақ болады деп болжап отыр.

Қостанай облысында да үскірік аязға және ауа температурасы -32℃, -34℃-қа дейін төмендеуіне байланысты Қостанай қаласының бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Білім басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, облыстағы Әулиекөл, Қамысты, Жітіқара, Меңдікөл, Алтынсарин, Бейімбет Майлин аудандарында да оқушылар сабақты онлайн форматта өтеді.

Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы барлық мектептің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарындағы және Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-9 сынып оқушылары бүгін қашықтан оқиды.

Абай облысы әкімдігінің Telegram-дағы арнасында бүгін өңірдегі бірқатар ауданда I ауысымда оқитын оқушылардың онлайн форматта оқитыны ескертілген. Олар:

  • Семей қаласының 1-4 сынып оқушылары;
  • Курчатов қаласының 1-9 сынып оқушылары;
  • Абай ауданындағы 11 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
  • Ақсуат ауданындағы 10 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
  • Жарма ауданындағы 25 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
  • Бородулиха ауданындағы 4 мектептің 1-4 сынып, 24 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
  • Бесқарағай ауданының 1-11 сынып оқушылары;
  • Көкпекті ауданының 1-11 оқушылары;
  • Аягөз ауданының 1-11 сынып оқушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050340-bugin-elimizdin-7-qalasy-men-3-oblysynda-sabaq-onlain-formatta-otedi/

pixel