jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында екі ауылдың шекарасы өзгереді

Үлкейткіш жер сызбасы, есептегіш құрал
Жер сызбасы. Көрнекі фото: getty/stock photo

Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі екі ауылдың шекарасын өзгерту жөнінде қаулы шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес Кеңдала ауылдық округі бойынша мынадай шешім шығарылған:

"Ақдала ауылының шекарасы (шегі) 29,9947 гектарға қысқартыла отырып, Ақдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 705,433 гектар болып белгіленсін;

Кеңдала ауылының шекарасы (шегі) 59,2225 гектарға қысқартыла отырып, Кеңдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 220,806 гектар болып белгіленсін.

Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Құжат 26 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Алматы облысында екі ауылдың шекарасы өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.