Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алыс сапарларға шықпаңыз, жаяу жүрмеңіз": Астана әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ/АленаБутенка

Елорда әкімдігі үскірік аязға байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады. Әкімдік өкілдері қатты суықта жарақат алып қалмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік өкілдерінің "Қазгидромет" РМК болжамына сілтеме жасап хабарлауынша, 11-13 желтоқсан күндері Астанада ауа температурасы түнде және күндіз -33 градусқа дейін төмендейді.

Осыған байланысты ведомство өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

  • Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде алыс сапарларға шықпаңыз және жаяу жүрмеңіз;
  • Автожолдардағы ауа райы мен көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
  • Қатты жел тұрған кезде жақын маңдағы ғимаратты паналау керек. Ағаштардан, ілулі тұрған құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан алыс тұрыңыз;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Сонымен қатар ведомстводағылар қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін екенін еске салды.

"Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу туралы кеңес береміз.

Сондай-ақ көлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қауіпті екенін еске саламыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050350-33-gradus-ayaz-astana-akimdigi-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel