jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

1,2 млрд теңге жұмсалғаннан кейін "Көк Төбе" мұнарасындағы жарық қандай болады

Алматыдағы телемұнара
Алматыдағы телемұнара. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Медеу ауданы әкімі Еркебұлан Оразалин "Көк Төбе" телемұнарасын жарықтандыру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Мемлекеттік сатып алу порталы ақпараты бойынша, жарықтандыруға 1,2 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік сатып алу порталы дерегінше, телемұнараны жарықтандыру құны лот бойынша 1 260 060 147,32 теңге. Аталған тендерді "Wisk Telecom Solutions" ЖШС компания жеңіп алды. Мердігер шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде жұмысты аяқтауға тиіс.

"Көк Төбе" телерадио хабарларын тарату мұнарасын сәулеттік-көркемдік жарықтандыру жобасы бойынша ол түнде әсерлі әрі тартымды көрінуге тиіс, негізгі мақсат – оның алыстан көрінуін қамтамасыз етіп, Алматы қаласының көрнекті жеріне айналдыру", - деп жазылған лоттың техникалық спецификациясына байланысты сипаттамада.

Құрылыс талаптары бойынша телемұнараны жарықтандыру энергияны үнемдейтін әрі артық шығынға батырмайтындай болуға тиіс, ол нық және ұзақ мерзімге жетуі керек, қатты жел, суық, ыстық және жауын-шашын, сондай-ақ дауылдық ауа райы кезінде қирамайтындай болуы қажет. Телемұнара әр қилы әсер мен жақсы көңіл-күй сыйлайтындай оның жарығының түсі өзгеріп, жарығы ашық, айқын көрінуі керек.

Эскиздегі "Көк Төбе" мұнарасының жарықтандыруы
Эскиздегі "Көк Төбе" мұнарасының жарықтандыруы. Фото: goszakup.gov.kz

Телемұнара жарығының түсі мен параметрлерін басқару процесі жеңіл әрі арнайы бағдарлама арқылы өзгеретіндей болуы шарт, оған қоса оның жарығы қоршаған ортаға және телемұнара маңындағы жануарлар мен өсімдіктерге зиянын тигізбеуі керек.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған телемұнара тендері лотының сипаттамасында ол кез келген бұрыштан көрінуі керектігі әрі күн мен жыл мезгіліне байланысты жарық көлемі мен түсі реттелуі қажеттігі, сонымен қатар қашықтан басқарылуға тиіс екені жазылған.

Телемұнараға жарық өткізіліп, аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін оған екі жылдық кепілдік талап етілген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Көк Төбе" телемұнарасындағы жарықтандыруды безендіру жұмыстары 2024 жылдың көктемінде аяқталатыны хабарланған болатын.

1,2 млрд теңге жұмсалғаннан кейін "Көк Төбе" мұнарасындағы жарық қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.