Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір кептелісте өтіп жатыр": Алматыда қалың қардан соң көліктер кептеліп қалды (фото)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кептелісте тұрған көліктер
Кептелісте тұрған көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жауған қалың қардан кейін жолдарда көлік кептелісі туындады. Кептеліс деңгейі 10 баллға жеткен, ал карталардағы көшелер бірде "қызыл", бірде "күрең" түске өзгеруде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2GIS қосымшасындағы Алматы картасына сүйенсек, ең көп кептеліс – Рысқұлов, Райымбек, Әл-Фараби даңғылдарында байқалған. Сондай-ақ орталық көшелердің бірі – Төле би көшесінде де кептеліс пайда болды.

Жолдардағы кептеліс
Жолдардағы кептеліс. Скриншот: 2GIS

Түстен кейін қар жауып біткенімен, көлік кептелісі күні бойына жалғасқан. Түскі уақытта да Райымбек даңғылында ұзын-сонар кептеліс болған.

Кептелістегі көліктер
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шеті көрінбейтін кептелісте тұрған жүргізушілер көңіл көтеру мақсатында навигатор қолданбасы арқылы түрлі хабарламалар жазып, "өмірі кептелісте өтіп жатқанын" айтып, танысуға шақыруда, ал кейбірі тіпті сезімін білдіруде.

Кептелістегі көліктер
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көшелерді қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Қала әкімдігі мүмкіндігінше қала ішінде көлік қозғалысын азайтуға әрі жеке көліктерді жол жиегіне қоймауға, сондай-ақ жеке көлік иелерін жылдамдықты арттырып, бірден тежегішке баспауға, көліктер арасындағы қашықтықты, бүйірлік ара қашықтықты, маневр жасау ережелерін сақтауға шақырды.

Кептеліс кезінде жолдан өтіп бара жатқан жолаушылар
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сонымен қатар сағат 12:00-ден бастап жолды тазарту үшін техникалар жұмылдырылған. Жаяу жүргіншілер жолы мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Кептелістегі көліктер
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бұдан бөлек, әкімдіктегілер көлік жолдарындағы қою субстанция қайдан пайда болғанын айтты. Олардың сөзіне сенсек, бұл көліктер мен жолаушыларды көктайғақтан қорғау мақсатында жолдарды өңдеу жұмыстарының нәтижесі.

Аялдамадағы жолаушылар
Аялдамадағы жолаушылар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еске салайық, бүгін, желтоқсанның 12-сі Алматыда аязға байланысты 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу режиміне ауысатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050488-omir-kepteliste-otip-zatyr-almatyda-qalyn-qardan-son-kolikter-keptelip-qaldy-foto/