Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшеді

Опубликовано:

Қашықтан сабақ оқып отырған бала
Қашықтан сабақ оқып отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда аязға байланысты 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқу режиміне ауысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес , биылғы 13-14 желтоқсанда ауа райы күрт суытады. (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус).

Осыған байланысты биылғы 13-14 желтоқсанда 0,1-9-сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді", – деп атап өтті Алматы қаласы білім басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ ведомстводан белгілі бір сыныптардағы сабақтарды шегеру үшін температура көрсеткіші қандай болуы керектігі туралы хабарланған болатын:

0-4 сыныптағылар үшін – ауа температурасы -25... -29 градус және одан төмен, ал жел жылдамдығы – 2-4 м/с болуға тиіс;

0-9 сыныптағыларға – температура -25... -29 градус және одан төмен, жел жылдамдығы – 5 м/с және одан да көп болуы керек;

0-9 сыныптағыларға – -30... -34 градус және одан төмен желдің жылдамдығы 2-4 м/с болуы талап етіледі;

0-11 (12) сыныптағыларға әрі колледждердегі 1 мен 2 курстағылар үшін – ауа температурасы -30... -34 градус және одан төмен, жел жылдамдығы – 5 м/с және одан жоғары болуы шарт;

0-11 (12) сыныптағылар мен колледжде 1 және 2 курс оқитындар үшін – -35 градус және одан төмен, ал жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болуға тиіс.

Еске салайық, бұған дейін 12 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына және қақаған аязға байланысты еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар сабақты қашықтан оқитыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050475-almatyda-mektep-oqusylary-qasyqtan-oquga-kosedi/

pixel