Алдағы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме
Жарияланған күні:
Читать на русскомТәуелсіздік күніне арналған мерекеге байланысты Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ-тың баспасөз сілтеме жасап хабарлайды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріне арналған жұмыс кестесін жариялады.
"Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейтінін хабарлайды. Сонымен қатар дүйсенбі, 18 желтоқсанда сағат 09:00-ден сағат 13:00-ге дейін кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтар азаматтаррды қабылдайды", - делінген мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметі хабарламасында.
19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация қалыпты режимде жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050837-aldagy-mereke-kunderi-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalyqtary-zumys-istei-me/