jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме

Арнайы ХҚКО
Арнайы ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге байланысты Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕ АҚ-тың баспасөз сілтеме жасап хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріне арналған жұмыс кестесін жариялады.

"Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейтінін хабарлайды. Сонымен қатар дүйсенбі, 18 желтоқсанда сағат 09:00-ден сағат 13:00-ге дейін кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтар азаматтаррды қабылдайды", - делінген мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметі хабарламасында.

19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация қалыпты режимде жұмыс істейді.

Алдағы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.