Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дизельмен жүретін көліктерге шектеу енгізілді": еліміздің көлік министрлігі үндеу жасады

Опубликовано:

Кептелістегі көліктер
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Соңғы күндері еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады көлік министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда елдің солтүстігінде ауа райы тұрақтанып, шектеу шаралары ауа температурасы төмендеген кезде, яғни түн мезгілінде ғана қолданылады. Күндізгі уақытта жолдармен жүру қамтамасыз етілген.

"Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында бұған дейін енгізілген шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Мәселен, Күйік пен Машат асуларында бүгінгі таңда ауа-райы тұрақсыз болып тұр. Желдің екпіні сағатына 40-42 шақырымға жетеді, жолда түк көрінбейді", - делінген хабарламада.

Министрлік көлік құралдарының кептелісін болдырмау үшін Жамбыл және Түркістан облыстары жағынан асулар жабылғанын мәлім етті.

"Қазавтожол", Төтенше жағдайлар департаменттері мен полиция тиісті жұмыстарды жүргізуде. Азаматтарға жақын маңдағы елді мекендерге бұрылып кету, сондай-ақ ыстық тамақ пен қонып жату жағдайы қарастырылған жылыту пунктеріне бару ұсынылады. Барлық қызмет түрі жұмылдырылған, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетіп жатыр", - деді көлік министрінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Сондай-ақ ол автокөліктердің кептелісі жолды қардан тазалауға шыққан арнайы техникалардың қозғалысын шектейтінін және тазалау жұмыстарына кедергі келтіретінін атап өтті.

"Осыған байланысты қазақстандықтарды қыс мезгілінде "Қазавтожол", ТЖМ және гидрометеорологиялық орталық тарапынан автожолдардағы белгілі бір учаскелердің жабылуы туралы келетін хабарландыруларына ерекше назар аударуды сұраймыз" - деді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050869-dizelmen-zuretin-kolikterge-sekteu-engizildi-kolik-ministrligi-undeu-zoldady/

pixel