Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды

Опубликовано:

Боран кезінде жүріп келе жатқан адам
Боран. Көрнекі фото: Getty images / Zabavna

Бүгін, желтоқсанның 15-і Жамбыл облысында табиғи сипаттағы ТЖ жарияланып, республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство ақпараты бойынша, Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран) байланысты 12 желтоқсаннан бастап республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автобанының "Тараз-Алматы" бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен биыл 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, құтқару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды.

14 желтоқсанда сағат 23.00-де құтқару бөлімшелері 1279 адамды құтқарып, эвакуациялаған. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

Сондай-ақ қазір әлі қанша көлік қар астында қалып қойғаны анықталыр жатыр. Ал Шу ауданында қатты жел мен қар салдарынан электр желілері үзіліп, тірек бағаналары құлаған.

Төтенше жағдай салдарынан "Шу Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсында орташа есеппен 500-700 адам бар. 12 жүк пойызы белгіленген мерзімінен кешігіп жатыр.

Сонымен қатар Жамбыл облысында 4 ауданның 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған. Қазіргі таңда жел жылдамдығы – 45 м/с дейін жетуде.

Алдағы күндері "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, облыста 30 м/с дейін жететін қатты жел соғады.

Ведомство өкілдері тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сүйенуге, сабырлық танытуға шақырады және ТЖ-ға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылғанын атап өтті: 8 7262 513575, 51 41 67

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050955-zambyl-oblysynda-tabigi-sipattagy-tz-zariyalandy/

pixel