Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көбі жыл мезгіліне сай киінбеген": полицейлер жолда қалған 500-ден аса жолаушыға көмектесті

Опубликовано:

Пойыз. Көрнекі фото
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында көлік полицейлері қолайсыз ауа райы кезінде жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарынан қалмай, пойызына мінуге көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство ақпараты бойынша, Жамбыл облысында қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ТЖМ-ның алыс сапарларға шықпауы туралы ескертулеріне қарамастан, көптеген азамат автокөліктермен және автобус рейстерімен жолға шығып, "Алматы – Шымкент, Алматы – Кызылорда" тасжолдары бойындағы кептелісте қалған.

Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында жолаушылар пойызбен діттеген жерлеріне жетуі үшін Шу мен Тараз теміржол вокзалдарына жеткізген.

Көлік полицейлері "ҚТЖ" ҰК АҚ қызметкерлерімен және желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс атқарған.

Жолаушылар пойыздары тұраққа келіп жеткенде желілік полиция қызметкерлері станциядағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жолаушылардың пойызға отыруына көмектесті. Жалпы 160 жуық полицей жұмылдырылған. Қазір 500-ден астам азамат тәртіп сақшыларының көмегімен жолаушылар пойызына мініп, өз сапарларын аман-есен жалғастырды.

"Мысалы, бір отбасының төрт адамы, оның ішінде жүкті әйел мен екі жас бала өз көлігімен Шудан Түркістан қаласына шыққан, бірақ ауа райына байланысты бұдан әрі жете алмады. Олар полиция пунктіне жеткізіліп, сол жақта ыстық шай берілді. Кейін азаматтар пойызға мінгізілді", - делінген хабарламада.

Жолаушылар арасында қарт адамдар, әйелдер мен балалар болды. Сондай-ақ олардың ішінде Өзбекстан республикасының 150 азаматы да бар, олар "Алматы – Шымкент" бағытындағы автобус рейсімен жолға шыққан. Олардың көпшілігі жыл мезгіліне сай киінбеген.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, департамент базасында жедел штаб құрылған. Полицейлер қажет болған жағдайда жедел желі телефондары жұмыс істейтінін айтады: 715924; 94-25-01.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051030-kobi-zyl-mezgiline-sai-kiinbegen-policeiler-zolda-qalgan-500-den-asa-zolausyga-komektesti/

pixel