jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Полиция көліктері
Полиция көліктері. Фото: Алматы облысы ПД

Алматы полициясы күшейтілген режимге ауыстырылды. Олардың мақсаты - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және жолын кесу, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты ПД басшысы Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонының бірыңғай сапқа тұру шеруін өткізді.

"Тәуелсіздік мерекесі - үлкен күш-жігердің арқасында осы мызғымас құндылыққа қол жеткізген ұрпақтарға құрмет. Біздің алдымызда тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды міндеті тұр. Бұл біздің конституциялық және кәсіби міндетіміз және оны жоғары ұйымдастырушылық және сапалы деңгейде орындау – департамент органдары мен бөлімшелерінің барлық қызметкерінің құрметті міндеті. Әрбір полиция қызметкері қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрес заңдылықты қатаң сақтауға негізделгенін есте ұстауы керек. Мемлекеттілігіміз бізге болашаққа батыл қарауға, болашағымызды анық көруге мүмкіндік берді, - деді Заппаров.

Сондай-ақ, Алматы полициясының басшысы Ішкі істер министрлігінің қызмет етудің сервистік моделіне көшу жөніндегі басым тұжырымдамаларының бірін іске асыруға ерекше назар аударды, бұл полиция жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.

"Қаладағы тәртіп пен азаматтардың әл-ауқаты полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Тәртіп сақшыларының қоғаммен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Материалдық-техникалық база мен мемлекеттік әлеуметтік қолдау оларға оқиғаларды бақылауда ұстап, қылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Мереке қарсаңында жеке құрамға зор денсаулық, бақыт, отбасына амандық және құқық тәртібі мен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жолында сарқылмас қуат тілеймін, - деді спикер.

Бұдан бөлек, саптық байқау кезінде саптық бөлімшелер қызметкерлерінің киім формасы, автокөліктің, сондай-ақ техникалық құралдардың жай-күйі тексерілді. Патрульдік полиция полкінің, мамандандырылған батальонның жасақтары, учаскелік инспекторлар, ЖӘАЖ қызметкерлері, қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауға күн сайын шығатын Ұлттық ұланның әскери қызметшілері командирлердің бағдарлары мен нұсқауларын тыңдады.

Жоғары көрсеткішке жеткен полицейлер Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне ПД басшылығынан марапат алды.

Алматыда полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.