jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

26 градусқа дейін аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Қыс мезгілі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Алдағы күндері елімізде аяз бен көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

17 желтоқсанда түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

17 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында Алакөл маңында жел күшейіп, кейде екпіні 25 м/с болады. Облыс орталығында, таулы аймақтарда -26 градусқа дейін аз күтіледі.

17 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

17 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

26 градусқа дейін аяз болады: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.