jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жариялады

Алматы қар тазалау жұмыстары
Алматы қар тазалау жұмыстары. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылық құтқарушылар дауылдық ескертуге байланысты азаматтарға үндеу жасады. Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді аса сақ болуға шақырды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 17 желтоқсанда синоптиктер Алматыда тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертіп, дауылдық ескерту жарияланды.

Осыған байланысты құтқарушылар алматылықтарға үндеу жариялады. Көктайғақта тайып құламас үшін келесі ережелерді сақтаңыз:

  • Қар жауғанда және көктайғақ кезінде көлікті басқару күрт нашарлайтынын және жүргізушінің көлікті басқаруды жоғалтуына және соның салдарынан жаяу жүргіншілерді қағып кетуіне әкелетінін есте сақтаңыз;
  • Жол қозғалысы ережесі бойынша көшені белгіленген жерден кесіп өту керек;
  • Сақ болыңыз, әсіресе жолды кесіп өткенде бөгде заттарға алаңдамаңыз;
  • Әрқашан аяғыңыздың астына қарап жүріңіз;
  • Аяқ киімнің дұрыс таңдалғанына назар аударуыңыз керек. Аяқ киімнің гофрленген өрнекті сырғанамайтын материалдан жасалған жалпақ табаны болуы керек;
  • Қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
  • Тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің подъезі де адамдардың жиі құлайтын жері екенін есте сақтаңыз.
Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.