Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰЭМ АҚШ Сауда министрлігінің шектеуіне ұшыраған қазақстандық компанияға қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Санкция
Санкция. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

Ұлттық экономика министрлігі бұған дейін АҚШ Сауда министрлігі шектеулер енгізген Elem Group компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Биыл 7 желтоқсанда Elem group ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының ("entity list") тізіміне енгізілді.

Министрлік өкілдері 2023 жылдың мамыр айынан бастап Elem group ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбейтінін атап өтті.

"Енгізілген шектеулерге сәйкес, бұдан былай АҚШ жеткізушілері аталған тізімге енген компанияларға арнайы лицензиясыз америкалық тауарларды жібере алмайды.

АҚШ Сауда министрлігінің шектеулеріне ұшыраған компаниялар америкалық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, өз қызметін жалғастыра алады. Бұл тізімге Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания сынды т.б. дамыған елдердің кәсіпорындары кірген", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, бұл қайталама санкциялар емес. Яғни АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкциялар тізіміне (SDN list) жатпайды.

Айта кетейік, компания сайты ақпараты бойынша, Elem group электрондық компоненттердің, қосалқы комплектердің, өнеркәсіп жабдықтарының және қосалқы бөлшектердің логистикасымен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051341-uem-aqs-sauda-ministrliginin-sekteuine-usyragan-qazaqstandyq-kompaniyaga-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel