Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алу тәртібі жеңілдетілді

Опубликовано:

Ресей төлқұжаты
Ресей төлқұжаты. Фото: pixabay.com

Беларусь, Қазақстан және Молдова тұрғындары үшін Ресей Федерациясы азаматтығын алу жеңілдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат құқықтық актілер ресми порталында жарияланды.

"18 жасқа толған келесі шетелдік азаматтар Ресейде тұрақты тұруға (тұрақты тұру мерзіміне қарамастан) Ресей азаматтығына (...) қабылдауға өтініш бере алады:

а) Беларусь Республикасының азаматтары - аталған Федералдық заңның 15-бабы 1-бөлігінің 1-3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамай;

б) Қазақстан Республикасы және Молдова Республикасының азаматтары – 15-баптың 1-бөлігінің 1 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамай", – делінген құжатта.

РИА Новости агентігінің мәліметінше, құжатқа сәйкес енді Қазақстан, Беларусь және Молдова азаматтары азаматтық алуға өтініш бергенге дейін Ресейде бес жыл тұру және елдің тарихы мен заңдарын білу талаптары міндетті болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051421-qazaqstandyqtar-usin-resei-azamattygyn-alu-tartibi-zenildetildi/

pixel