jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар 2024 жылдың қаңтарында қанша күн демалады

Көшеде кетіп бара жатқан қыз
Қыс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтар жаңа жылдың бірінші айында 10 күн демала алады. Бір айда жалпы 21 жұмыс күні болады, деп хабарлайды Учет.kz.

Қаңтарда Жаңа жыл мен Рождество мерекелері атап өтіледі. Жаңа 2024 жылдың ресми мерекелері: 1, 2 қаңтар және 7 қаңтар - Рождество мерекесіне орай демалыс болады.

2024 жылдың 1 және 2 қаңтарда бес күндік және алты күндік жұмыс апталарында демаламыз. Содан кейін азаматтар 2024 жылдың 3, 4, 5 қаңтарында жұмыс істейді. Сосын демалыс күндері мен Рождество болады, бірақ ол жексенбіге келеді, ешқандай өзгеріс жоқ, сондықтан әдеттегідей сенбі мен жексенбіде демалады. Бірақ алты күндік жұмыс істейтіндердің қосымша жұмыс күні бар - 6 қаңтар.

Сонда:

  • 5 күндік жұмыс аптасындағылар: 6 және 7 қаңтарда демалады;
  • 6 күндік жұмыс аптасындағылар: 6 қаңтарда жұмыс істейміз, 7 қаңтар - демалыс.
Қазақстандықтар 2024 жылдың қаңтарында қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.