Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жоғалған 18 жастағы такси жүргізушісі Алматы облысынан табылды

Опубликовано:

такси
Такси қызметі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыға тапсырыспен кеткен соң ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы астаналық такси жүргізушісі табылды. Полиция қызметкерлері оны Алматы облысынан тапқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлердің айтуынша, ер адам Алматы облысындағы Қарасай ауылы Іргелі ауылында компьютерлік клубтан табылған.

Еске салайық, бұған дейін елорда тұрғыны жеке тасымалдаумен айналысатын 18 жастағы ұлын тауып беруді өтініп, полицияға жүгінген еді. Ол Қарағандыға барар жолда жоғалып кеткен.

Астана ПД жеке құрамы жігітті іздеуді бастағанын хабарлады. Тексеру барысында оның Астана қаласынан Қарағанды қаласына шығып, Алматы облысына келгені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051543-astanada-zogalgan-18-zastagy-taksi-zurgizusisi-almaty-oblysynan-tabyldy/

pixel