Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігінің қызметкерлеріне 10 айлық көлемінде сыйақы берілетіні рас па: министр жауабы

Опубликовано:

Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында
Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында. Фото: primeminister.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев бүгін үкіметтегі брифингте ведомство қызметкерлеріне аса үлкен көлемде сыйақы беріледі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер Көлік министрлігінде қызметкерлерге Жаңа жылға орай 10 айлық есебінде сыйақы берілетіні туралы ақпарат пайда болғанын мәлімдеді.

"Мәліметті растамаймын. Сыйақы - аппарат жетекшісінің мәселесі. Меніңше, (ол - ред.ескертпесі) бейінді қызметкерлермен мәселені пысықтайды", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол министрлік қызметкерлеріне жаңажылдық кеш ұйымдастыру жоспарланып отырмағанын айтты.

Осыдан кейін БАҚ өкілдері жыл қорытындысы бойынша, министрге сыйақы беріле ме, жоқ па деген сұрақ қойды.

"Премьер-министр не істейтінін мен қайдан білейін?" - деп жауап берді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, бүгінгі үкімет отырысында Қарабаев баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 млн жолаушы тасымалдаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051558-kolik-ministrliginin-qyzmetkerlerine-10-ailyq-koleminde-syiaqy-beriletini-ras-pa/

pixel