jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте ауа райы қолайсыз: FlyArystan жолаушыларына ескерту жасалды

ұшақ іші
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласында қалың тұман мен жеткілікті көріністің жоқтығынан қалаға ұшып келетін және ұшып кететін барлық рейс кешігуі мүмкін екені ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі әуе компаниясының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуекомпания хабарында болжам бойынша Шымкент әуежайында ұшып-қонуға мүмкіндік жоғы айтылады. Әуекомпаниядағылар Шымкент әуежайы аймағындағы ауа райы болжамын үздіксіз бақылап отырғанын айтады.

"Әуекомпанияның кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз рейстің жолаушыларына:

Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға салқын алкогольсіз сусындар ұсынылады. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде-ыстық тамақ ұсынылады.

Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгінуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарда бес сағаттан артық кешіктірілгенде бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылатыны айтылады. Мұндай жағдайда егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет құнын қайтарып ала алады.

"Егер билет ресми арналар арқылы сатып алынған болса, FlyArystan мобильді қосымшасы немесе FlyArystan.com ресми сайты, "Брондауды өзгерту" бөлімшесі арқылы рәсімдей алады. Егер әуебилет басқа арналар арқылы (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel туроператорлардың кассаларында және т.б.) сатып алынса, әуебилетті сатып алу орны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ жолаушылар FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады.

Шымкентте ауа райы қолайсыз: FlyArystan жолаушыларына ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.