Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазған жылу энергия орталығында бірнеше қазандық істен шықты: әкім жағдайға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жезқазған жылу энергия орталығында үш қазандық істен шықты. Қала әкімі Қайрат Шайжанов Жезқазған жылу энергия орталығындағы (ЖЭО) қазандықтардың қашан қалпына келетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Қала әкімі Қайрат Шайжановтың айтуынша, қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық жұмыс істеп тұр.

"Жылу желілерінде нормадан 10 градус кем температура байқалады, яғни қалыпты 73 градустың орнына, бізде 63 градус. Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп,жөндеуге кірісті. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады", - деді қала басшысы.

Оның сөзінше, бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде.

"№6 қазандық бүгін сағат 10:15 – те істен шықты. Түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп жоспарланды.

Осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді, ЖЭО таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2051574-zezqazgan-zylu-energiya-ortalygynda-birnese-qazandyq-isten-syqty-akim-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel