jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматы әкімдігі қаланы Жаңа жылға безендіру үшін жарты миллиард теңге жұмсады

Безендірілген шырша
Безендірілген шырша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы жаңажылдық мерекеге орай қаланы безендіруге қанша қаржы жұмсалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, әр ауданды безендіруге қалалық бюджеттен орта есеппен 60 миллион теңге бөлінген.

"Конкурстық негізде өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша шығынның жалпы сомасы ҚҚС-ты есепке алғанда 511 762 709 теңге", - деп хабарлады қалалық мәдениет басқармасындағылар.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 20 желтоқсанда қаланың бас шыршасын жағу шарасы өтетіні хабарланған. Ол Абай алаңында орналасқан және биіктігі 20 метр. Салтанатты шамды жағу рәсімі кезінде мерекелік концерт өтеді.

Мемлекеттік сатып алулар порталында шырша 500 ойыншықпен безендіріліп, ұзындығы 7 мың метр болатын жарық шамдармен әсемделуі керегі айтылған.

Сондай-ақ қаланың түрлі ауданында шыршалар орнатылып, қоғамдық орындар да безендірілген. Жаңа жыл түні мерекелік отшашу болады.

Алматы әкімдігі қаланы Жаңа жылға безендіру үшін жарты миллиард теңге жұмсады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.