jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Жолаушылар Тараз әуежайында қалып қойған: SCAT әуекомпаниясына қатысты тергеу басталды

әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық SCAT әуекомпаниясына қатысты Тараздан Новосібірге орындалуға тиіс болған рейстің кешігуіне байланысты жолаушылардың құқығын сақтау бойынша тергеу басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ААК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

DV-5325 рейсі 19 желтоқсанда кешіккен. Рейс техникалық себеппен және әуе кемесін ауыстырумен 14 сағат 6 минутқа кешіккен еді.

Азаматтық авиация комитетінің өкілдері әуе кемесінің бортында 214 жолаушы, оның ішінде 14 бала және екі сәби болғанын айтты.

"Ұшуды күту кезінде жолаушыларға алкогольсіз сусындар мен тамақ берілді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қонақүйде тұру бойынша қызметтер көрсетілмеген", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Егер рейстің кешігуі кезінде қызметтердің тиісінше көрсетілмеу дерегі анықталса, онда әуекомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп қосты комитеттегілер.

Жолаушылар Тараз әуежайында қалып қойған: SCAT әуекомпаниясына қатысты тергеу басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.